KITAPKHANA.KZ
kz ru

«Тұрақтылық пен татулықты тұмар еткен Қазақстан» (1– Наурыз - Алғыс айту мерекесіне арналған кітап көрмесі)

   Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 1-Наурыз - Алғыс айту күніне орай «Тұрақтылық пен татулықты тұмар еткен Қазақстан» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.

   Алғыс айту күні - күрделі заманды иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстан құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне құрмет білдіретін күні. Алғыс айту күні – қайырымдылық дәстүрлерін , әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау күні.

  «Тарихтан тағылым- өткенге тағзым», «Ынтымағы жарасқан, бірлігі бекем - Қазақ елі», «Алғыс айту –ізгіліктің белгісі», «Алғыс айту күні - аға ұрпаққа құрмет» атты бөлімдерден тұратын көрмеге: ҚР Президенті Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың атына келіп түскен үндеулер мен құттықтаулар кітабы «Ақ тілектер ағыны», Н.Назарбаевтың «Бейбітшілік және қоғамдық келісім идеясы», «Двадцать лет АНК: Одна страна-одна судьба», М.Несимовтың «Қалыптасқан Қазақстан - елбасы саясатының жемісі», «А.Сужикованың «Менің Отаным-Қазақстан», А.Қалыштың «Қазіргі Қазақстандағы этникалық және этномәдени процестер», Б.Төлепбергеннің «Ұлттық идея-тәуелсіздік тұғыры», «Көп түрліліктегі бірлік», Қазақстан халқы Ассамблеясы-ел тарихында»(екі тілде), «Қазақстан халқы ассамблеясы: алғашқы қадамдар (1995-1997жж.), Д.Қ.Қыдыралиевтың « Жерұйық», т.б. жалпы саны 71 дана кітап пен журнал, мерзімді басылым беттерінде жарық көрген мақалалар, фотосуреттер қойылды. Көрмеге жоғарғы оқу орындарының студенттері мен тұрақты оқырмандар, кітапханашылар қатысты.

 

 


 

27 ақпан 2017 ж. 15:55
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз:
x