KITAPKHANA.KZ
kz ru

«Андерсен ертегілерінің сиқыры» /мерекелік шара/

    15 наурыз күні Ә. Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Халықаралық балалар кітабы күніне орай «Андерсен ертегілерінің сиқыры» атты мерекелік шара ұйымдастырды.

    Мақсаты: жас оқырманға ертегіші -жазушы Ханс Кристиан Андерсеннің өмірі мен шығармаларын таныстырып, кітапқа деген қызығушылығын қалыптастырып, балалардың бойындағы қабілетін шыңдау.

    Бүкіл әлемнің әртүрлі жастағы оқырмандарының қиялын жаулаған Дат халқынан шыққан балалар жазушысы Ханс Кристиан Андерсен 156 ертегі жазып, олар әлемнің 80 тіліне аударылды. Андерсен ертегі жанрының дүйім ел мойындаған айтулы атасы. 1967 жылдан бастап Халықаралық кеңестің шешімімен жыл сайын Ганс Христиан Андресеннің туылған күніне орай 2-сәуір Халықаралық балалар кітабы күні деп атап өтіледі.

      Ертегіші – жазушының шығармаларындағы оқиғалары қызықты, балалардың ой өрісін кеңейтіп, қиялын санқияға жетелейді.

Андерсеннің ертегілері кино, мульфильм болып қойылып, опера болып айтылып та жер жүзіне тараған: «Ұсқынсыз үйрек» (Гадкий утенок), «Ұйқыдағы ару» (Спящая красавица), «Су перісі» (Русалочка), «Түйме қыз» (Дюймовочка). Биыл «Патшаның жаңа көйлегі» (Новое платье короля) ертегісінің жарыққа шыққанына 180 жыл толып отыр.

     Қызықты ертегі шарасына №23 Ж.Қизатов атындағы орта мектеп, №2«Мұрагер» мектеп –лицей және №217 Б. Шалғынбаева атындағы орта мектеп оқушылары қатысып, ұлы жазушының ертегілерінен көрініс қойып, ән орындады.

     Мәдени – шара барысында балалар арасында «Ертегілердін атын тап» және «Кейіпкерлердің суреттері» атты ойындар ұйымдастырылды.

     Қызықты өткен шарадан соң балалар Андерсен ертегілерін оқуға таласып жатты.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

15 наурыз 2017 ж. 18:33
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз:
x