Жазушы, журналист Жүсіпбек Арыстанұлына арналған «Қиындықта шыңдалған құрыш» атты тарихи - танымдық кеш

 2017 жылдың 15 наурыз күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында жазушы, журналист Жүсіпбек Арыстанұлына  арналған «Қиындықта шыңдалған құрыш» атты тарихи - танымдық кеш өткізілді.
    Кештің мақсаты: Жүсіпбек Арыстанұлының өмір жолы мен шығармашылық жолын жас ұрпаққа таныстыру, жасаған ерліктерін үлгі ету. Ұлыларымыздың  есімі  халқымызға оралғанына  Тәуелсіздігімізге тәубе  дейміз. Солардың  бірі де, бірегейі ХХ  ғасырдың басында дүниеге келген, сталиндік қуғын-сүргіннің зардабын, азабының дәмін татқан - Жүсіпбек Арыстанұлы.
   Кешке Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Қазақстан тарихы» кафедрасының профессоры, тарих ғылымының докторы Т.Сәтбай, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің профессоры Қ.Құдайбергенов, «Қорқыттану  және өлке тарихы» ғылыми зерттеу институтының ғылыми қызметкері Б.Ахметбек, «Ақмешіт» институты ректорының кеңесшісі, ардагер ұстаз К.Сейітов және «Болашақ» университетінің КЯ-15, КЯ-16, ПМНО-16 тобының студенттері қатысып, жастарға жазушының зұлмат жылдардағы тағдыры, еліне қосқан үлесі, шығармашылығы жайында ой бөлісті. 
    Оқырмандарға Жүсіпбек Арыстанұлына арналған «Жарқын бейне» атты кітап көрмесімен таныстырылды.

 

 

 

 



15 наурыз 2017 ж. 18:58
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: