«Кітаптар сөйлейді»: жаңа кітаптар көрмесі

     Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында қорға жаңадан түскен кітаптарды насихаттау мақсатында «Кітаптар сөйлейді» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге түрлі сала бойынша кітаптар қойылды. Оқырмандарға «Тәуелсіздік толғаныстары» сериясымен жарық көрген бірнеше автордың кітабы ұсынылды. Атап айтсақ, Көлбай Адырбектің «Тәуелсіздікке талпыныс», Марат Тоқашбаевтың «Жан дауыс», Әлсейіт Оспанның «Сезім сәулесі», Рысбек Үркімбайдың «Елі үшін еміренгендер», Серік Пірназардың «Парасат пен пайым», Айтбай Сәулебектің «Қамшысөз», Амантай Ахетовтың «Жеңіс перзенттері», «Жас толқын» сериясымен шыққан Мерген Тоқсанбайдың «Мен біреуді сағынамын…», Ерқанат Қуатбекұлының «Бағым бүрлеп, толғанда қырым гүлге» кітаптары, Смағұл Елубайдың «Ақ боз үй» екі томдық таңдамалы шығармалар жинағы, Нүкеш Бәдіғұлдың «Сағым бейне»,Сара Ләтиеваның «Туған жердің түтіні», Бақытбек Бәмішұлының «Ажалсыз адам», Гүлтас Сайынқызының «Қоңырау», Ақан Нұрмановтың «Құланның ажалы», Қайсар Әлімнің «Кәусар», Садықбек Хангелдиннің «Керуен», Жарылқап Бейсенбайұлының «Шоқан Уәлиханов», Нұрлан Оразалиннің және Байғали Есенәлиевтің шығармалар жинағы, Бақытбек Смағұлдың «Тағдыр тозағы», көрнекті ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Несіпбек Айтұлының қаламынан туған сүбелі сөз, шынайы толғаныстар топтастырылған «Бостандық жырының бозжорғасы», т.б. кітаптар қойылды. Жалпы көрмеге түрлі саланы қамтитын 122 дана кітап қойылды.Көрмеге библиографиялық шолу жасалды. Шараға 100-ден аса оқырмандар қатысып, жаңа әдебиеттермен танысты. Сонымен қатар, басқа да пәндер бойынша оқулықтар жұртшылық назарына ұсынылды.


 

 

 

 

 

 


04 сәуір 2017 ж. 17:02
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Код: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз
Кодты енгізіңіз: