Үш тұғырлы тіл саясаты – елдігіміз бен тірлігіміздің негізі. Дөңгелек үстел2017 жылдың 7 сәуір күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен «Үш тұғырлы тіл саясаты – елдігіміз бен тірлігіміздің негізі» атты дөңгелек үстел өткізілді.Шараның басты мақсаты «үш тұғырлы тіл» саясатын насихаттау. Аталмыш іс-шараға Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университеті «Практикалық ағылшын тілі» кафедрасының оқытушысы, филология ғылымының кандидаты, доцент Садыбекова Салима Ізбасқанқызы, №15 мектеп –лицейінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі Жұмабекова Жазира, Абылайхан атындағы колледжінің тарих пәнінің оқытушысы Қазақбаева Ақбаян Данабаевна, № 140 орта мектептің қазақ тілі пәнінің мұғалімі Қосанова Марал, зейнеткер Сабырбаев Әлібек, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ұланы «Оңтүстік» өңірлік 5547 әскери бөлімінің сарбаздары , Қызылорда гуманитарлық-экономикалық колледжінің ЭКО – 26/9 және «Өркениет» медициналық колледжінің «Емдеу ісінің» 28 тобының студенттері қатысты.Кеш барысында тілдердің үштұғырлылығы идеясы бәсекеге маңыздылығы жайында пікірлер айтылды. Оқырмандар назарына «Үш тұғырлы тілдің болашағы жарқын» атты кітап көрмесі ұсынылды.
|