«Адам өмірі және суицидтен сақтану" Денсаулық сағаты2017 жылдың 13 сәуір күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Адам өмірі және суицидтен сақтану" атты денсаулық сағаты өтті. Жастардың өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алу мақсатында ұйымдастырылған денсаулық сағатына Жастар денсаулық орталығының педагог психолог маманы К,Жолаханова, Көпсалалы Кызылорда «Ұлағат», М.Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледжінің студенттері қатысты. Қазіргі таңда өз-өзіне қол жұмсау белең алып тұрғандығы, жастардың бүгінігі қоғамымызды жайлаған зиянды әдеттерден бойын аулақ ұстауға, оны болдыртпауға және алдын алуға болатынын, ол үшін ерік-жігерінің мықты болуы, адамның негізгі мақсаты - өмір сүру екендігін ұмытпауымыз керектігі кеңінен талқыланды. Психолог- маман жастарға әртүрлі тренинг-жаттығулар өткізді. «Өз-өзіне қол жұмсау-тығырықтан шығу емес» атты бейнеролик ұсынылды. Тренингке студенттер белсене қатысып, өз пікірлерін ашық білдіріп, осы мәселелер бойынша көптеген сұрақтарға жауап алды.
|