Міржақып Дулатовтың «Оян, қазақ» атты жыр кітабына арналған әдеби кеш

    2017 жылдың 28 сәуір күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Абылайхан атындағы колледжімен бірлесіп «Бүгінгі оқырман – ертеңгі көшбасшы» жобасы аясында Міржақып Дулатовтың өмірі мен шығармашылығын оқырмандарға насихаттау мақсатында «Оян, қазақ» атты әдеби кеш ұйымдастырды.

    Шараға Абылайхан атындағы колледжінің КМН-26, Б-26, FCH-26 топтарының студенттері, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы С.Ұлмағамбетова және колледждің кітапханашысы А.Қоспанова қатысты. Шара барысында кітапханашы А.Көшербаева М. Дулатовтың шығармаларына қысқаша тоқталып, кітаптарымен таныстырды.

     Сонымен қатар «Қазақ рухын оятқан тұлға» атты кітап көрмесіне шолу жасалынды.


 

 

 


02 мамыр 2017 ж. 10:02
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: