«Ерлік- ердің туы»

   2017 жылдың 4 мамыр күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының оқу залы секторы қызметкерлері Абылайхан атындағы колледжінде 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне арналған «Ерлік- ердің туы» атты кешөткізді.

    Ширек ғасыр бойы бұрынғы Ішкі әскер, қазіргі Ұлттық ұланның әскери қызметшілері Отан алдындағы міндеттерін атқаруда сенімге селкеу түсірген емес. Жылдар бойына Ұлттық ұланда Отанға адалдық, оны қорғауға әрқашан дайын болу, жоғары жауынгерлік әзірлік, әскери антқа адалдық, қырағылық, сатылмаушылық, жауынгерлік шеберлікті үнемі жетілдіру, тәртіп пен әскери достықты нығайту сынды өзіндік дәстүрлер қалыптасқан.

    Кеште алғашқы әскерге дайындық пәні мұғалімі Б.Әбдібеков сөз сөйлеп, болашақ отан қорғаушыларға мерекенің мағынасын түсіндірді.

Іс-шара барысында «Сарбаздар өмірінен» атты бейнеролик көрсетілді.

    Кешке қатысқан студенттер «Жауқазын - ғұмыр» клубының мүшелерінің дайындаған концерттік бағдарламасын тамашалады.

Кеш соңында «Отанды қорғау - ортақ парыз» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.


 

 

 

05 мамыр 2017 ж. 15:56
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: