KITAPKHANA.KZ
kz ru

"Қазақстан тарихы. 1917–2012" хрестоматиясының таныстыруы болды және ол "Баға жетпес сыйлық" акциясына орай ұштастырылды.

30 мамыр күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында ҚР Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған «Тарихтан тағылым - өткенге тағзым» халықаралық форумы аясында ҚР Президенті Архиві құжаттары бойынша Қазақстан Ғылым Академиясымен бірлесіп даярланып шығарылған "Қазақстан тарихы. 1917–2012" хрестоматиясының таныстыруы болды және ол "Баға жетпес сыйлық" акциясына орай ұштастырылды.

Жұртшылыққа ұсынылып отырған жинақ құжаттары негізінен ҚР Президенті Архивінен іріктелді және олар Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы кезеңдерін қамтыған қоғам дамуының түрлі мәселелеріне қатысты есептер, қызметтік хаттар, шолулар және мемлекеттік, саяси және қоғам қайраткерлерінің жеке қорларынан алынған деректер болып табылады.

Хрестоматия жоғарғы оқу орындарына арналған және "Қазақстан тарихы" курсының типтік бағдарламасына сәйкес келеді. Жинақ ХХ ғ. басынан Тәуелсіздіктің бел ортасына дейінгі қоғам дамуының барлық негізгі кезеңдерін қамтиды. Хрестоматияның "Қазақстан кеңестік дәуірде", "Тәуелсіз Қазақстан" тарауларының өзі тарихи кезеңдерге бөлінеді: тоталитарлық жүйенің қалыптасуы және 1917–1940 жж. соғысқа дейінгі кезең, Қазақстан 1941–1945 жж. Ұлы отан соғысы жылдарында, соғыстан кейінгі және 1946-1985 жж. тоқырау, 1986-1990 жж. қоғамның демократиялық жаңаруы және тәуелсіздіктің 1991 жылдан бері қалыптасу кезеңдері.

Бірінші тарау Қазақстан тарихының кеңестік кезеңін көрсетеді. Кеңес үкіметінің құрылуынан -–1917 ж. бастап тоталитарлық жүйенің ыдырауы мен демократиялық қоғам үрдістерінің басталуы кезеңдеріне – 1990 жылдарға дейінгі уақытты қамтиды. Жинақтың негізгі құжаттары – кеңестер мен Компартия съездерінің материалдарынан, жоғарғы билік органдарының заңдары мен декреттерінен үзінділер, жергілікті партия және кеңес органдарының елдегі әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы туралы, шаруашылықты ұжымдастыру, байлар мен орта шаруалардың мал-мүлкін тәркілеу, халық шаруашылығын индустрияландыру, мәдениет, білім беру мен денсаулық сақтау салаларын дамыту туралы есептері мен шолулары. Сондай-ақ қазақ зиялыларының орталық және республикалық органдарға жергілікті биліктің әрекеті туралы жазған жеделхаттары мен хаттары. КОКП ОК бірінші хатшысы Н. С. Хрущевтің КОКП ХХ съезіне жасаған жеке басқа табынушылық және оның салдары туралы тарихи баяндамасынан үзінді, Семей полигонында ядролық қаруларға сынақ жүргізу туралы баяндама жазбалар.

Кітаптың Екінші тарауы – "Тәуелсіз Қазақстан" Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін жариялаған 1991 жылдан 2012 ж. дейінгі кезеңді қамтиды. Соңғы дата ҚР Президенті Н. Назарбаевтың жыл сайынғы халыққа Жолдауында айтылатын 2012 ж. 14 желтоқсанындағы "Қазақстан –2050" стратегиясы": қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" Тәуелсіздіктің тарихи межесі ретінде белгіленді.

Тәуелсіздік кезеңі құжаттары ҚР Заңдарынан, ҚР Президенті Жарлықтарынан, ҚР Жоғарғы Кеңесі пен Үкімет қаулыларынан, түрлі мемлекеттік бағдарламалардың үзінділерінен, ел дамуының әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері бойынша анықтамаларынан тұрады. Сондай-ақ жинаққа ҚР Президентінің мақалалары, республикалық, халықаралық конференцияларда сөйлеген сөздері, ҚР Президентіне, Үкіметіне шет ел мемлекеттері басшыларының, үкіметтерінің хаттары, ҚР Президентінің ел азаматтарына үндеулері мен жолдаулары енгізілді. Елдің ұзақ мерзімді ұлт жоспарының мазмұнынан үзінділер, ведомстволар мен министрліктердің мемлекет экономикасының, қоғамдық институттары мен саяси жүйесінің дамуын суреттейтін талдау жазбалары бар. Қазақстан Халықтары Ассамблеясы – қоғамдық келісім институтының қалыптасуы жөніндегі құжаттар енгізілді.

Құжаттардың көпшілігі қазақ тіліндегі түпнұсқалар. Мәліметтер Архивтің кітап және газет қорларынан да алынды.

Тарауға енгізілген материалдар мазмұны Қазақстан Республикасы жаңа тәуелсіз мемлекетінің нығаюын және оның халықаралық саяси аренаға шығуын, ондағы зияткерлік көшбасшылығы мен саяси бастамаларын, мемлекеттің ішкі саясатының стратегиялық жоспарлауын тарихи оқиғалар желісімен ашады.

Басылымның ғылыми анықтамалық аппараты оның пайдаланылуын оңтайландырады. Ол ХХ-ХХI ғғ. Қазақстан тарихы жөніндегі құжаттар мен материалдар жинақтарының тізбесімен толықтырылды. Оның ішіндегі тек 87 құжаттар жинағын ҚР Президенті Архиві даярлап шығарған.

 

 

 

 

 

 


30 мамыр 2017 ж. 17:08
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз:
x