KITAPKHANA.KZ
kz ru

«Отбасы – ұлт болашағы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   2017 жылдың 18 шілде күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Халықаралық отбасы күніне орай «Отбасы – ұлт болашағы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

    Отбасылық құндылықтарды насихаттау –бұл біздің мемлекетіміздің ең басты міндеттерінің бірі. Көрменің мақсаты: отбасы - адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі екенін түсіндіру, ақ некенің маңызы жайлы, ер мен әйелдердің міндеттері, отбасындағы өзара түсіністік туралы кеңестер беру. 

   Көрмеге «Қазақтың салт-дәстүрлері», А. Нүсіпқожаның бес томдық: «Ағаш бесіктен жер бесікке дейін», М. Тоқашбаевтың «Бақыттың кілті», «Ел боламын десең бесігіңді түзе» ,

К. Әлпейісованың «Бақыт пен мұң», «Тәрбие хрестоматиясы», т. б әдебиеттермен қатар ақыл-ой, адамгершілік, денсаулық, сондай-ақ нәрестенің дүниеге келуінен бастап, оның түтін түтетіп, отау тіккеніне дейінгі уақытта қажет болатын ұлағатты ақыл-кеңестер айтылған баспасөз материалдары таныстырылып шолу жасалды.

 


 


 


 

 


 

18 шілде 2017 ж. 12:40
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз:
x