«Үш тұғырлы тіл – мемлекет ертеңі»

    Бүгінгі таңда заман талабына сәйкес үш тұғырлы тіл – елдің бәсекеге қабілеттілікке ұмтылуының бірінші баспалдағы. Әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосылу мақсатында жүргізіліп отырған «Үш тұғырлы тіл» саясаты - қазақ, орыс және ағылшын тілдерін өз дәрежесінде қолдана білу елдің ертеңі үшін керек.

    Адамзат қоғамын алға апаратын үш тұғырлы тіл саясатын қолдау мақсатында Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 2017 жылдың 20 шілде күні «Үш тұғырлы тіл – мемлекет ертеңі» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.

Қазақстанда үш тілде білім беру саясаты ең алғаш рет 2004 жылы елбасымыз Н. Назарбаевтың идеясынан бастау алған. 2006 жылы Қазақстан ұлттарының ХІІ Ассамблея сессиясында «Үш тілді білу болашағымыз үшін қажет» десе, 2007 жылы Қазақстан Халқына Жолдауында Үш түғырлы тіл саясатын ендіруде: «қазақ тілі- мемелекеттік тіл, орыс тілі- ұлтаралық қарым-қатынас тілі және ағылшын тілі жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі»- деп Президентіміз Н.Ә.Назарбаев айтқан.

     Көрмеге Ш.Құрманбайұлы «Мемлекеттік тіл – ұлттық бірегейліктің негізі» Д.Дүйсебай «Тіл туралы толғам», Г. Мұқанова «Мемлекеттік тіл және аударматанудың өзекті мәселелері», Н.Құрман «Мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік тілді оқытудың жаңа технологиялары: дәстүр мен жаңашылдық», Е.Шаймерденұлы «Мемлекеттік тіл: терминология, іс қағаздары мен бұқаралық ақпарат құралдарының тілі» әдебиеттері және баспасөз материалдары қойылды.


 

 

 

 


 

20 шілде 2017 ж. 17:25
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Код: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз
Кодты енгізіңіз: