«Әлемнің әміршісі еңбек»

   Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласын насихаттау мақсатында «Еңбек күні» мерекесіне орай, 2017 жылдың 28 қыркүйек күні «Әлемнің әміршісі еңбек» атты мәдени шара ұйымдастырылды.

    Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамын құру тапсырмасы аясында еңбек адамының қоғамдағы мәртебесін арттыру, өндірістік қызметкерлерді ынталандыру, жұмысшы мамандықтарын насихаттау арқылы жастардың жұмысшы кәсібіне деген қызығушылығын оятуды көздейді. Осы орайда, бүгінгі таңда жас ұрпаққа еселі еңбегімен ел дәулетінің молаюына сүбелі үлестерін қосқан, дала академигі атанған Ыбырай Жақаев, ер азаматтармен бірдей иық тірестіре еңбек етіп, мемлекет байлығын еселеп өсірген Шырынкүл Қазанбаева, Сәлима Жұмабекова, Ұлбала Алтайбаева, Жадыра Таспанбетова, Закира Ержанова секілді ақ жаулықты аналарымыздың өнегелі қырларын насихаттау.

  Қызылорда Көпсалалы «Ұлағат», М. Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенттері еңбек ерлеріне арналған өлең шумақтарын оқып, ойын-викторинаға белсене қатысты.

   Шара соңында, Еңбекерлерінің өмірі, еңбектің арқасында жеткен жетістіктері,ауыл шаруашылығына қосқан орасан зор еңбектері жайлы жазылған кітаптар мен мерзімді басылымдар беттерінде жарық көрген мақалалар қойылған «Еңбек мерекесі-елдің берекесі» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.


 

 


 

28 қыркүйек 2017 ж. 16:38
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Код: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз
Кодты енгізіңіз: