KITAPKHANA.KZ
kz ru

Л.Гумилев атындағы ЕҰУ журналистика және саясаттану факультетінің доценті, медиатренер, ф.ғ.к. Қанат Әуезбаймен кездесу өтті.

2 қараша күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапханада Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы және «Руханиятты қолдау» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен танымал журналист, публицист, Қазақстан журналистер одағының мүшесі, «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері, Қазақстан жастар Одағы «Серпер» сыйлығының лауреаты, ҚР ақпарат саласының үздігі, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ журналистика және саясаттану факультетінің доценті, медиатренер, ф.ғ.к. Қанат Әуезбайдың қатысуымен «Латын әліпбиі жаһандану тұсындағы рухани жаңғыру факторы ретінде» атты кездесу өтті. Кездесуге тіл мамандары, ғалымдар, докторанттар, магистранттар, студенттер, үкіметтік емес ұйым мүшелері қатысты.

2017 жылдың 27 қазан күні Елбасы Н.Ә.Назарбаев қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшу туралы Жарлыққа қол қойды. Жарлықта 2025 жылға дейін латын графикасына негізделген қазақ тіліне көшу кезең-кезеңімен жүзеге асырылсын делінген. Қазіргі таңда осы жұмыстарды жүзеге асыру үшін ұлттық коммиссия құрылуда.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылы 12 сәуірде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық» деп айтқан еді. Сондай-ақ Елбасы «Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қаріпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл-ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе. Бір кезде тарих бедерінде біз мұндай қадамды жасағанбыз. Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы - қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады»-деп латын әліпбиіне көшудің қажеттілігін атап өтті.

Кездесу барысында латын әліпбиінің бүгінгі қоғам үшін маңыздылығына байланысты пікірлер айтылып, сұрақтарға жауап берілді.

 

 

 


02 қараша 2017 ж. 19:05
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз:
x