«Кітаптар әлемінде» Жаңа әдебиеттер көрмесі

       Құрметті кітап сүйер қауым! Сіздерді кітапханада ұйымдастырылған «Кітаптар әлемінде»  атты кітап көрмесімен танысуға шақырамыз. Көрменің мақсаты: оқырман қауымды жаңа кітаптармен таныстыру, кітап оқуға тарту, қызығушылығын арттыру.

     Көрмеге Уалихан Қалижановтың соңғы жылдары жазған ғылыми мақалалары, зерттеулері мен әдеби портреттері енген «Ұлт рухы» кітабы,жазушы Әмір Мәжитовтың «Шығармалары мен естеліктері», қазақ халқының айтулы ақыны, дүлдүл әншісі Кенен Әзірбаевтың  «Бестомдық шығармалар жинағы», әдебиет сыншысы Сағат Әшімбаевтың қазақ әдебиетінің өткен жолынан тағлымды сыр шертетін «Үш томдық шығармалар жинағы», Қуаныш Жиенбайдың «Жер үстінде де жұмақ бар» романы, Асқар Алтайдың «Дегелеңдегі қызыл күн» әңгімесі, есімі республикаға танымал қаламгер, ақын Есенгелді Сүйіновтың «Тербеген теңіз әлдиі» эсселері, ақын Қайрат Зекенұлының өлеңдері мен таным негіздерін сипаттайтын тұшымды ойлардан тұратын «Дүлдүлдер дүбірі» жыр жинағы, көрнекті жазушы Әнес Сарайдың «Ақ тымық түн» повесі, Тілеген Бекарыстановтың «Үлкен болғым келмейді»  атты үш бөлімнен тұратын жинағы ,классик жазушы Шыңғыс Айтматовтың «Тау құлаған» романы, Рахымжан Отарбаевтың «Шыңғыс ханның көз жасы», Жолтай Әлмашевтың «Тоғыз тұңғиық» хикаят және әңгімелері, Нұртөре Жүсіптің өмірдің өзекті мәселелері туралы жазылған «Мың құмырсқа және біз» кітабы, «Қазақ афоризмдері: ақыл-ой антологиясы   және тағы басқа 100-ден аса жаңа әдебиеттер қойылды.

     Кітап адам өміріндегі ең қажетті құндылық және ондағы білімді заман талабына сай жүйе арқылы бойымызға сіңіріп, сол арқылы өз-өзімізді тәрбиелей аламыз. Сондықтан көп кітап оқып, кітап жанашыры болуға шақырамыз. 


  

17 қаңтар 2018 ж. 10:24
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: