KITAPKHANA.KZ
kz ru

«Елбасы Жолдауы – дамудың жаңа мүмкіндіктері»

     Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауындағы «Адами капитал – жаңғыру негізі» атты жетінші басымдығын насихаттау мақсатында Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 2018 жылдың 23 қаңтар күні «Елбасы Жолдауы –дамудың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. 

     Жетінші бағыт бойынша Рухани жаңғырудың маңызы – ұлттың әлеуетін арттыру, мәдениетіміз бен идеологияны одан әрі дамытуға, білім беру ісін жаңа сапаға көтеріп, бүгінгі қоғамның талаптарына сай жан-жақты, білікті мамандар тәрбиелеу қажеттігіне ерекше мән берілген. Шараға Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің профессорлары Аңсатова Меруерт Нағыметқызы, Құдайбергенов Қазбай, Абасилов Аман, ардагер-ұстаз Сейітов Кендебай, «Ақмешіт апталығы» газетінің тілшісі Тілеубергенова Бағлан, №3 қалалық емхананың дәрігерлері және мектеп мұғалімдері қатысып, цифрлық білім беру ресурстарын  дамыту, кеңжолақты Интернетке қосу жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыру қажеттілігі және мемлекет болашағының кілті – қазіргі жаңа технологияларды меңгерген, соны­мен бірге түп-тамырынан ажырамаған, салты мен дәстүрін, тарихын білетін нағыз сапалы азаматтар – адами капиталда екендігі туралы айтылды.

         Қатысушылар «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты кітап көрмесімен танысты.





 
23 қаңтар 2018 ж. 15:42
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз:
x