«Кітапханадағы туған күн»

    20 ақпанда кітапханада «Кітапханадағы туған күн» жобасы аясында балаларға арналған мерекелік іс-шара болып өтті. Туған күн иелері кітапхананың оқырмандары №233 Ж.Нұрсейітов атындағы орта мектептің  4«б» сынып оқушылары Құрманғали Мақсат, Тоқтаған Нұрлыбек және Ұлықбек. Шараға туған күн иелерімен бірге ата-аналары, бауырлары және достары қатысты. Балалар кітапханадағы уақыттарын өте көңілді өткізді.

   Бұл күні туған күн иелеріне ерекше сый-құрмет көрсетілді. Зал мерекеге сай  әсем безендірілді. Мерекеде туған күн иелеріне құттықтаулар айтып,  жылы лебіздерін білдірді. Балалар ән салып, би билеп, түрлі ойындарға белсене қатысты. Шара соңында туған күн иелеріне кітаптар сыйға берілді, балаларға тәттілер таратылды.

   Кітапхана - ол тек қана кітап, журнал сақталатын орын ғана емес, ол - отбасылық бас қосулар мен көңілді кездесулер орны. Қызықты және ерекше өткен «Кітапханадағы туған күн» балалардың есінде мәңгі сақталып қалатын мереке болды. Балаларға осындай қуанышты сәт сыйлаған кітапханаға ата-аналар өз ризашылықтарын білдірді.
















 
20 ақпан 2018 ж. 19:24
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: