«Ақылды технологиялар – агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі » атты әңгіме сұхбат өтті.Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауындағы үшінші бағытқа арналған «Ақылды технологиялар – агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі » атты әңгіме сұхбат өтті. Жолдауда айқындалған мақсат-міндеттер сараланған басқосуға, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің инженерлі технологиялық факультеттінің аграрлық технологиялар кафедрасының аға оқытушылары Б.Қуанышбекқызы, Н.Н. Шайқысұлтанұлы және ғылымға өз үлестерін қосып жүрген ҚМУ-нің инженерлік зертхана қызметкерлері Ұ.Абдіманапқызы, И.Дауренқызы, Р.Ахметқанұлы және Тәуелсіз елдің дамуына үлес қосып ешқандай артық шығынсыз-ақ балаларға арналған қазақ тіліндегі дамытушы мультфильмдер құрастырған «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасына енген С.Нұртазақызы, түрлі деңгейдегі белестерді бағындырып жүрген Жапония еліндегі роботтар сайысына қатысып алғашқы «Ақтөс» роботын жасап шығарған ҚМУ-нің «Есептеу техникасы және ақпараттық жүйелер» кафедрасының магистранты Н.Әділжан,Business Start иновациялық жобаларды жүзеге асыру орталығының жетекшісі Ж.Оразмаханов қатысып , жолдауда айтылған үшінші бағыт «Ақылды технологиялар» – агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамытудың қазіргі кезде қажеттілігі аса жоғары екендігін, Қазақстанға жаңа әлемнің көшбасшысы қатарына кіру үшін жастар тарапынан қандай істер жасалу керектігіне кеңінен тоқталып, өзекті мәселелерді жаңа технологияларды пайдалану арқылы шешу жолдары туралы пікір алмасты. |