«Жаңарған Қызылорда» Фото-көрмеАлты алашқа ана болған – Сыр елінің орталығы Қызылорда қаласының 200 жылдық тарихы бар. Мерекеге орай, Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 2018 жылдың 2 наурыз күні «Жаңарған Қызылорда» тақырыбында фото-көрме ұйымдастырды. Көрмеге көненің көзі мәдени мұралардың асыл көмбесі талай тарихты қойнауына бүккен, талай тарланды қанаттандырған Қызылорда облысының мәдени орындары, атап айтқанда, «Шірік Рабат қалашығы», «Жанкент жаңғырығы», «Жент – өркениеттер тоғысқан шаһар», «Үш астана атанған – Сығанақ қаласы», «Қорасан ата кесенесі», «Бегім ана», «Өткір көз, орақ тілді Оқшы ата», «Қорқыт ата ескерткіш кешені», «Азаттық жолындағы ақтаңгер – Жанқожа», «Батыл жүрек Бұқарбай» т.с.с. тарихи жәдігерлермен және сыр бойынан шыққан ақын-жазушы, жыршы-жырау, әнші-термешілермен де танысуға болады. Көрмеге Қызылорда қаласы туралы сыр шертетін әр кезеңдегі 30-ға жуық фотоматериалдар, Сыр өңірінен шығатын әдеби-мәдени көпшілік журналдар қойылды. Алдағы уақытта қаламызда жаңаша үлгідегі салынып жатқан сол жағалау келбетімен кітап көрмеміз толыға түспек. |
Кітапхана тарихы
ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ
« Мамыр 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | ||
6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 |
20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 |
27 | 28 | 29 | 30 | 31 |