«Жастар таңдайды»

   Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын  жүзеге асыру мақсатында Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында көптеген шаралар ұйымдастырылуда. Рухани жаңғыру үшін, өзгеру үшін, алға ұмтылу үшін білім керек. Ал білім көзі – кітапта. Облыстық кітапхана жастарды кітап оқуға шақыру, оқу мәдениетін, оқу талғамын қалыптастыруға бағытталған «Жастар таңдайды» - «Молодежь предпочитает» атты жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Жобаның мақсаты - жастарды кітап оқуға ынталандыру, әдеби талғамын қалыптастыру, кітапты насихаттау. Жастар оқитын таңдаулы 100 кітапты анықтау.

   Жоба аясында видеороликтер байқауы ұйымдастырылып, әлеуметтік желілерде орнастырылады.  Жастар өздері сүйіп оқитын кітаптары туралы видеороликтер түсіріп,  замандастарына  ұсыну мүмкіндігіне ие болады. Кітап таңдауында жанр мен кітап түріне шектеу болмайды. Байқаудың ережесі мен шарттары Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының https://kitapkhana.kz/ сайтында жарияланады.

   Жастарды кітап оқуға тарту, оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Жұлдыздар не оқиды?» кездесу кеші, «Жастар, компьютер және интернет» атты дебат және тағы басқа да шаралар ұйымдастырылады. Қазір ақпаратты тек кітаптан ғана емес, ғаламтор көздерінен, бұқаралық ақпарат құралдарынын-ақ алуға болады. Кез келген адамның қолында смартфон, планшет және тағы басқа электрондық құ­рал­дар өте көп. Алайда кітапты ешқандай жаңа технология ығыстыра алмайды. Өйткені адамның жан-дүниесін, сезімдерін мен психологиясын кітаптай ешнәрсе жеткізбейтіні анық. Сондықтан кітапты таңдап, талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсерді өмір қажетіне жарата білу - әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі.

     Елдің ертеңі де осы жастар. Еліміздің жарқын болашағы білім нəрімен сусындаған, парасат-пайымы мол, жоғары мəдениетті жастардың қолында. Бойларында отанға деген сүйіспеншілігі бар, көзқарасы мен пікірі қалыптасқан, білімді азаматтарды тәрбиелеуге өз үлесін қосу - кітапханалардың басты міндеті. Біз жастарды кітап оқуға шақырамыз, өйткені әр елдің рухани мәдениеті кітаптан бастау алады. Сондықтан да жастар арасында оқуды сәнге айналдыру үшін кітапты өздерінің таңдауына мүмкіндік береміз.

20 наурыз 2018 ж. 11:17
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: