«Сыр бойы – мыңжылдықтар мирасқоры»18 сәуір күні – Халықаралық ескерткіштер мен мәдени мұраларды, ескерткіштер мен көзтартар тарихи орындарды халықаралық қорғау күніне орай «Сыр бойы – мыңжылдықтар мирасқоры» атты кітап көрмесі дайындалды. Көрменің мақсаты - Қазақтың кең байтақ даласындағы әртүрлі деңгейдегі мәдени және тарихи ескерткіштер туралы мағлұмат беру. Ел тарихымен біте қайнасып жатқан құнды ескерткіштерімізді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, оларды мәдени мұра ретінде сақтау баршамыздың борышымыз екендігін түсіндіру. Кітап көрмесі 6 бөлімнен ұйымдастырылды. «Ескерткіштер - ғасырлар үні» атты бірінші бөлімге жалпы еліміздегі мәдени ескерткіштер, тарихи жәдігерлер, ежелгі қалалар туралы мәліметтер қойылса, екінші «Ескерткіштер - ел қазынасы» бөліміне осы өлкеден шыққан би-шешендер, қол бастаған батырлар мен дүлдүл ақын-жыраулар, әулие-әнбиелердің кесенелері мен өмірбаяндары жайлы кітаптар қойылды, «Ескерткіштер - елге мұра, ұрпаққа аманат» атты үшінші бөлімде Сыр бойындағы тарихи және мәдени ескерткіштер жайында материалдар қойылды, 4-ші «ЮНЕСКО-ның алдын-ала тізіміне енгізілген ескерткіштер» бөліміне ЮНЕСКО-ның тізіміне енгізілген Сыр бойы ескерткіштерінің құжаттары қойылды, 5-ші «Құм астындағы қатпарлы құпиялар» бөліміне 2014-2017 жылдардағы өңірдегі археологиялық қазба жұмыстарының есептері қойылды, 6-шы «Тарихи-мәдени мұра обьектілерінің қорғалуы» бөліміне қорғау аймағы белгіленген ескерткіштердің құжаттары қойылды. Көрмеге тарихи мәні бар мәдени мұраларымызды қастерлеп, ұлттық құндылықтарымызды көрсететін жалпы саны 100-ге жуық кітаптар мен мақалалар, фотосуреттер, құжаттар қойылды. Көрмені тарихшылар, мұражай қызметкерлері мен қала қонақтары тамашалады. |