KITAPKHANA.KZ
kz ru

«Зиянды әдеттер және олардың алдын алу»

      Елбасы Н. Назарбаевтың  «Халықтың денсаулығын нығайту мемлекеттің бірінші кезеңдегі атқаратын шараларының бірі екендігін «Халық денсаулығы» атты мемлекеттік бағдарламасында атап көрсеткені баршамызға белгілі. Қазақстан азаматтарының денсаулығына әсер ететін барлық факторлар жан-жақты қарастырылған бұл бағдарламаның басты мақсаты-халықтың денсаулығын сақтау.

      Осы орайда, 15 мамыр күні «Жастар денсаулық» орталығының мамандарының қатысуымен  Жастарды зиянды әдеттен қалай сақтандыруға болады? осы мәселе төңірегіңде «Зиянды әдеттер және олардың алдын алу» атты  ақпаратты кеңес беру шарасы ұйымдастырылды.                                                                         

    Мақсаты өскелең жас ұрпақтың денсаулығы мықты, интеллектуалды, дүниетанымы терең білімі сапалы, адамгершілігі мол, бойын «зиянды әдеттерден» аулақ ұстайтын, саналы ұрпақ болып өсуіне ықпал жасау.

  Шара барысында «Жастар денсаулығы орталығы» қоғамдық денсаулық дәрігері  М.Бахытқызы,  валеолог  Г.Айтмағанбетқызы қатысушыларға зиянды әдеттер: шылымның, алкогольдің, есірткінің адам ағзасына зияны, олардың әсерінен қандай аурулар туындайтыны, алдын алу жолдары туралы ақпараттар берді.

   Сонымен қатар қатысушылар  салауатты өмір салтын ұстанып, денсаулық арқылы үлкен жетістіктерге жету жолдарына бағыттайтын белгілі спортшылар жайлы, емдік дене шынықтыру, тазалық гигиенасы, дұрыс тамақтану т.б туралы «Салауатты өмір-жарқын болашақ» атты кітап көрмесі  мен танысты.


 
15 мамыр 2018 ж. 17:05
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз:
x