« Ұлағатты отбасы – елдің тірегі»Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапханада 15 мамыр - Халықаралық отбасы күніне арналған «Ұлағатты отбасы – елдің тірегі» атты шара өтті. Мақсаты - отбасылық оқуды дамыту, кітап оқуды дәріптеу, кітап оқуға тарту. Шараға кітапхананың тұрақты оқырмандары Жүнісовтер, Ерлан, Рахман, Тайшман, Баукен, Минайдаровтар, Мәжитовтар, Қожахмет, Асқарбек отбасылары қатысты. Қатысушылар оқыған қызықты кітаптары жайында пікір алмасты. Баланың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру жөнінде әңгімелесіп, танымдық-викториналық сұрақтарға жауап берді. Кітапхана қорына түскен жаңадан әдебиеттермен танысты. |