KITAPKHANA.KZ
kz ru

Жемқорлықсыз қоғам бейнесі.Пікірталас

    Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Парақорлық, сыбайлас жемқорлық жайлаған елде әділетсіздік, имансыздық, қызғаныш қаулап тамыр жаяды. Сыбайлас жемқорлықпен күресті ешкімнің бет шырайына, лауазымына, шен-шекпеніне қарамай жүргізу керек» - деп шегелеп айтқан болатын. Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері сырт келбеті ғана емес, сондай-ақ әлеуметтік-экономиканы басқару тәртібі де өзгеріп келеді. Болып жатқан өзгерістер әрине жақсы, бірақ сол өзгерістермен қатар мемлекетіміз «сыбайлас жемқорлық» деген тамырласқан індетпен күресуге тура келеді. Өкініштісі сол, сыбайлас жемқорлық мемлекетімізбен жарыса өсіп, ел экономикасының қарқынды дамуына үлкен кедергі келтіріп отыр. Сондықтан оны болдырмау, оның алдын алу мақсатында елімізде көптеген іс-шаралар жоспарланып,  жүзеге асырылуда. 

    Осы орайда, Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми  кітапханасы «Жемқорлықсыз қоғам бейнесі» тақырыбында пікірталас ұйымдастырды. Шараға Қазақ гуманитарлық заң және техникалық колледжінің «Шетел тілдері және құқықтану» пәндер бірлестігінің арнайы пән оқытушысы Аралбаева Анар Сайдуллақызы қатысып, бүгінгі күні өзекті болып отырған тақырып аясында өз ойын ортаға салып, анкеталық парақшалар таратты. Оқырмандар да көкейде жүрген сауалдарына нақты жауаптарын алып, бейнежазбалар тамашалады.



 
18 мамыр 2018 ж. 18:07
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз:
x