«Жас ақындар аренасы»2018 жылдың 18 мамыр күні «Өнер Арбатында» Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен «Жас ақындар аренасында» «Жауқазын -ғұмыр» клуб белсенділері бас қосты. Жастың бойына мол күш қуат, ұшқыр ой, жігер қайрат, намысшылдық пен талапшылдық тән. Байқасаңыздар әлемге танымал ғалымдар, ақын-жазушылар, өнертапқыштар, әнші-сазгерлердің басым көпшілігі өздерінің танымал еңбектерін 30-ға дейін жазған – деп, жастарға үлкен сенім артамыз. Шара барысында клуб белсенділері: №23 Жәлел Қизатов атындағы мектеп - лицейінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Маратова Меруерт; Көпсалалы «Ұлағат» Қызылорда колледжінің оқытушысы Мұқашева Гүлжайна; Ә. Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының библиографы Қыстаубаев Қолқанат өз туындыларын оқыды. Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Л.Байтенова «Жауқазын-ғұмыр» клубының жұмысы туралы мәлімдеді. Ақын жастарға қамқор әдеби ортаға айнала бастаған «Жауқазын - ғұмыр» атты жас ақын - жазушылар клубына шығармашылық қабілеті бар оқырмандарымызды шақырамыз. |
Кітапхана тарихы
ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ
« Мамыр 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | ||
6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 |
20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 |
27 | 28 | 29 | 30 | 31 |