KITAPKHANA.KZ
kz ru

«Экология — бүкіл әлем тағдыры» 5 маусым - Дүние жүзілік қоршаған ортаны қорғау күні

      2018 жылдың 1 маусым  күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 5 маусым – Дүние­жүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай «Экология — бүкіл әлем тағдыры» атты эко-ақпарат сағаты  ұйымдастырылды. Шара мақсаты - табиғаттың адам өміріндегі зор маңыздылығын насихаттай отырып, оны аялауға, сақтап қорғауға өз үлестерін қосуға жұмылдыру,  экологиялық білімдерін молайту, табиғатты қорғау, экологиялық тәрбие негізін қалыптастыру. Жастарды елін, жерін сүюге, қадірлеуге үйрету, экологиялық апаттарды болдырмауға атсалысу.

    Экологиялық ақпарат барысында Қызылорда облысы бойынша экология департаментінің бас маманы  Д. Ағыбаева сөз сөйлеп, «Елбасымыз Н.Назарбаев 2030 жылға дейінгі бағдарламасында «Тазалық - саулық негізі, саулық - байлық негізі» деп қоршаған ортаның ластануына жол бермеу мәселесіне айрықша мән бергені туралы және бүгінгі таңда экологиялық дағдарыс жекелеген ел көлемінен асып, бүкіләлемдік мәселеге айналды» деп атап көрсетті. Табиғаттың тылсым тіршілігі туралы сұрақтарға оқырмандар белсене араласып, мақал-мәтел, жұмбақтар шешті. Шара барысында  оқырмандар   экологиялық мәселелерді қамтитын «Табиғат – тұнған асыл қазына» атты кітап көрмемен танысты.



 
01 маусым 2018 ж. 15:29
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз:
x