«Өлкенің гүл жайнаған балғындары» / мерекелік кеш/2018 жылдың 1 маусым күні Ә. Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Халықаралық балаларды қорғау күніне орай балаларға шын көңілден шаттық, көңіл-күй сыйлап, мейірімділікке баулу, шығармашылық қабілеттерін шыңдау мақсатында «Өлкенің гүл жайнаған балғындары» атты мерекелік кеш ұйымдастырды. Мерекеге Ы. Алтынсарин атындағы №10 мектеп - лицей, Ә. Мүсілімұлы атындағы № 101 мектеп - лицей, №147 орта мектеп, №4 С. Сейфуллин атындағы орта мектептің оқушылары қатысып, туған жер, бақытты балалық шақ, достық, ән шырқап, би билеп шараның қызықты өтуіне өз үлестерін қосты. «Әл -Сабыр» балақшасының бүлдіршіндері мерекеде ең сүйкімді, талантты,жұлдыздары болып, «Теремок» орыс халық ертегісінен қойылым қойды. Мерекелік шараны қала мектептерінің жазғы лагерлерінде тынығушы балалар, кітапхананың белсенді оқырмандары, ата-аналар, ұстаздар тамашалады. Шара соңында қатысушылар баланың дүниетанымын кеңейтетін, ақыл-ойын дамытып, шығармашылық қабілетін шыңдайтын «Бақытты балалар бейбіт елдің тірегі» атты кітап көрмесімен танысты. Көрмеге 300-ге жуық балалар әдебиеті қойылды. |