«Байтақ елімнің рәміздері»2018 жылдың 4 маусым күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 4 маусым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күніне байланысты «Байтақ елімнің рәміздері» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеудің басты мақсаты қазақстандық патриотизмді насихаттау, азаматтарда елдің әлеуметтік – экономикалық жетістіктері үшін мақтаныш сезімін қалыптастыру, өскелең ұрпақты тәуелсіздік белгілеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу болып табылады. Мемлекеттік рәміздер - еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлекетіміздің өткені, бүгінгі және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі. Мемлекеттік рәміздер - халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, болашаққа арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. «Байтақ елімнің рәміздері» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалынып, келген қонақтарға кітапханаға экскурсия өткізілді. |