12 маусым күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында « Мен оқимын, ойнаймын, ойлаймын » атты зияткерлік сайыс өткізді.
Сайыстын басты мақсаты оқушыларды кітапханаға тарту, оқушылардың ой өрісін, логикалық ойлау қабілетін дамыту, білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.
Зияткерлік сайысқа №4 C.Сейфуллин атындағы орта мектептің , күндізгі тынығу лагерлерінде демалушы балалар қатысты. Балалар «Жасқыран», «Топжарған » атты екі топқа бөлініп сайысты. Зияткерлік сайыс «Жұмбақ жасыру», «Жеті жұрттың тілін біл» , «Кім тапқыр», «Сөз тапқанға қолқа жоқ » «Мақал- мәтел сайысы» кезендерінен тұрды. Шара соңында балаларға кітапхана бөлімдеріне саяхат жасап, жаңа әдебиеттер мен танысты.