«Нашақорлық – ғасыр дерті»Әлемді жайлаған нашақорлық дерті күн сайын тамырын тереңге жайып барады. Осы орайда, жастарды жаман әдеттен арылту мақсатында оқы залы секторында «Нашақорлық – ғасыр індеті» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Қазіргі таңда қоғамымызда есірткілік заттарға және оның бизнесіне қарсы күрес күшейіп, қылмыстардың алдын – алу жолдары қарастырылуда. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» - демекші, біз де өз тарапымыздан кітап көрмесіне келген жас оқырмандарға баспасөз беттеріне жарияланған нашақорлықтың зяндылығы жайлы мақалалармен таныстырып, кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасаймыз. Кітап көрмеге 55 кітап жіне 20 журнал қойылды. |