«Жарқырап, жайнай бер Астана!»2018 жылдың 4 шілде күні сағат 11-00де Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Астана күніне арналған «Жарқырап, жайнай бер Астана!» атты танымдық кеш өткізді. Мақсаты:Тәуелсіз Қазақстанның елордасы Астананың дамуы үшін қазақстандықтардың бірлігі мен мақтаныш сезімін нығайту, әр азаматтың ел жетістіктеріне қосқан жеке үлесім бар деген ой-сезім қалып тастыруға ықпал ету. Туған ел тарихымен таныстыру. Келген қонақтардан ортаға шығып Астана туралы өз лебізін Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің профессоры Меруерт Аңсатова білдірді. Оқырмандар Астана туралы өлеңдерды нақышына келтіріп оқып, ән салып кешке қатысушы көрермендер ықыласына бөленді. Шараға қатысушылар: тұрақты және белсенді оқырмандар . Шара соңында қонақтар мен оқырмандар Елордамыз Астана қаласының 20 жылдық мерекесіне арналған «Астана – Тәуелсіздік жемісі » атты кітап көрмесімен танысты. |