«Жаса, жайна, Астана»Астана өң бойына халықтың күші мен қайратын жинап, тәуелсіз Қазақстанның мақтанышына айналған Елордасы. «Еңселі Елорда, асқақтаған Астана». Тарихқа сәл шегініс жасап, елордамыздың жылнамасына көз жүгіртер болсақ, сонау 1997 жылдың 20 қазанында Елбасымыз Н Назарбаевтың Жарлығымен Ақмола қазақ елінің астанасы болып жарияланған күн еске түседі. Бүгін біз осындай қасиетті сөздерді құрметпен, аса мақтанышпен айта аламыз. Арқаның төрінде орналасқан айбынды Астанамыз бүгінде 20 жасқа толады Осы орайда - күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы «Жаса, жайна, Астана» атты видео –слайд ұйымдастырды Мақсаты – елордамыз Астананың 20 жыл ішінде даму жолдары мен тарихи кезеңдерін оқырманға насихаттау. Іс шарада бас қаланың тарихы, қазіргі келбеті, жетістіктері, даму бағыттары, ескертікіштері мен сәулет ғимараттары туралы мәліметтер видео арқылы көрсетіліп, 1998 жылы Астана мəртебесіне ие болған қаланың қазіргі таңдағы сәні мен салтанаты жəне келбеті туралы ой қозғалды
|