«Өнер» клубы 3 шілде күні «Өнер» клубы жанынан құрылған «Домбыра», «Фортепиано» және «Сурет салу» үйірмелерінің бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша есеп беру отырысы болды. Шараға кітапхана қызметкерлері, клуб және үйірмелер мүшелері қатысты. Қатысушыларға үйірме жетекшілері жақын таныстырылып, үйірме сабақтарына келіп жүрген оқушылар өздерінің өнерлерін ортаға салды. «Домбыра» және «Фортепиано» үйірмесінің оқушылары өздері үйренген танымал сазгерлердің шығармаларын орындаса, сурет үйірмесіне келіп жүрген оқушылардың еңбектері арнайы орынға қойылып, көпшілікке таныстырылды. Үйірмелердің атқарған жұмыстары және алдағы уақытқа жоспарлары туралы, сонымен қатар сурет үйірмесінің жетекшісі Баян Абуованың бедерлі мүсін немесе барельеф-студиясы жайында толығырақ мәлімет берілді. Клуб мүшелерінің келесі отырысы күз айына жоспарланған.
|