KITAPKHANA.KZ
kz ru

Жанұялық бенефис «Оқырман көшбасшысы»

         7 қыркүйек күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Қазақстан Республикасы Отбасы мерекесі қарсаңында «Оқырман көшбасшысы» атты жанұялық бенефис өткізілді.

         Балаларды жас кезінен кітап оқуға қызықтырып, отбасылық оқу дағдыларына бейімдеу, кітапхана мен отбасы арасындағы тұрақты қарым-қатынасты қалыптастыру  мақсатында ұйымдастырылған шараға отбасы мүшелері қатысты.

         Қатысушы отбасылардың құрамы, жас ерекшеліктері әр түрлі және қызығушылығы да әр бағытта. Бірақ барлығының басын  кітапханаға  және кітапқа деген  құрмет,  оқуға құштарлық біріктіруде. Нәтижесінде үстіміздегі жылдың қортындысы бойынша «Оқырман көшбасшысы» номинациясымен Мұрат отбасы, «Үздік оқитын отбасы» номинацияларымен Райхан, Серік отбасылары, Жәлел, Ниетулла, Минайдаровтар отбасы арнайы дайындалған алғыс хаттармен марапатталды.

         Ата-аналар  рухани құндылығымыз – кітаптың маңыздылығы, оның тәрбиелік мәні жайлы пікір алмасып, бала өмірінде танымал жазушылардың шығармалары  мен танымдық кітаптардың алатын орны жайлы ой бөлісті.

         Шара соңында оқырмандар «Кітап – сарқылмас қазына» атты кітап көрмесін тамашалап, жаңа әдебиеттермен танысты.








 
07 қыркүйек 2018 ж. 17:25
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз:
x