«Үш тілді білім беру – болашақ баспалдағы» (Пікір-талас)Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 2018 жылдың 27 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері мерекесіне орай Елбасының «Үш тұғырлы тіл» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Үш тілді білім беру – болашақ баспалдағы» атты пікір-талас ұйымдастырылды. Мақсаты үш тілді меңгерген жастардың бүкіл әлем бойынша бәсекеге қабілетті дара тұлға болып қалыптасуына ықпал жасау, «Үш тұғырлы тіл» саясатын насихаттау. Мәдени шараға М.Ықсанов атындағы политехникалық колледжі мен Қызылорда көпсалалы колледжінің студенттері қатысып, тілдердің үштұғырлығы идеясы, бәсекеге маңыздылығы жайында пікірлер айтылды. Іс – шараға оқытушылар, студенттер, «Кездесу» клуб мүшелері және кітапхана оқырмандары қатысты. Оқырмандар назарына «Үш тұғырлы тілдің болашағы жарқын» атты кітап көрмесі ұсынылды. |