KITAPKHANA.KZ
kz ru

«Жамағат жадындағы Жахаев» кітабын талдау

      Қазақстан Республикасының Президенті  Н. Назарбаев өз сөзінде «Жалпақ  жұртыңды құрметтеу туған өлкенің тарихын танудан, адамдарын ардақтаудан басталады» деген  болатын.

       Ә. Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 5 қазан күні  «Оқитын өлке»  атты   жоба  аясында Зәкім Жайлыбайдың   күрішші, диқан  екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ы.Жақаевтың 120 жылдығына орай жазған ғұмырнамалық  деректі әңгімелері енген  «Жамағат жадындағы Жахаев» атты кітабын Қызылорда көпсалалы колледж студенттер   арасында талқылау ұйымдастырылды.  Мақсаты: Бұл еңбек  жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беруге еңбегімен ер атанған,  өмірі үлгі Ыбырай  Жахаевты  танып білуге, ерен еңбек жеңістерін насихаттау.

        Жақаевтың аты сонау 40-жылдардан бастап, бүгінге дейін қаламда тербеліп келеді. Аталмыш кітапта Ы. Жақаевтың қиындыққа толы балалық шағы мен  өнегелі өмірінің, қанатты нақыл сөздерінің. туған жерге арналғанын және дархан пейілді  өз еңбегінің арқасында даңққа бөленген еңбек адамының шынайы бейнесі, замандастарының сағынышқа толы естеліктері қамтылғандығы жайлы  студентер  ой бөлісті.

        Шара соңында «Еңселі елдікке  еңбек жеткізеді» атты кітап көрмесіне шолу жасалып,  Ы. Жақаевтың өмірі мен еңбек жолы туралы сыр шертіліп, фото-суреттері мен газет беттеріндегі мақалаларымен танысты.




 
05 қазан 2018 ж. 18:10
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз:
x