KITAPKHANA.KZ
kz ru

Шеберлік сабағы - 4

  Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 2 қараша күні тұрмыстық және әшекей бұйымдар жасаудан кезекті шеберлік сабағы ұйымдастырылды. Сабақтың мақсаты – қазақтың қолөнер бұйымдарын, ұлттық ою-өрнектерді насихаттау. Жастарды бос уақытын тиімді өткізуге, шеберлік әліппесін меңгеруге үйрету.

 Шараға Өркениет медициналық колледжінің студенттері мен «Өнер» клубының мүшелері қатысты. Сабақты  қаламыздағы  №267,  №120 және  А.Хангелдин  атындағы №179 орта мектептің көркем еңбек пәнінің мұғалімдері Стамшаева Сағыныш, Карибаева Ғазиза және Ештай Айжан жүргізді. Жастарға түрлі түстерге боялған жүннен, жіптен паннолар, фетрадан сандықша, қобдиша, алқа сынды әшекей бұйымдар жасау жолдары көрсетілді. Аталған бұйымдарды шараға қатысушы жастар өз қолдарымен қиып, жасап көрді және қолөнер бұйымдарына деген қызығушылықтары арта түскенін айтып жатты.





02 қараша 2018 ж. 17:07
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз:
x