«Балалар әлемінің елшілері»28 қараша күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы жас ұрпақтың бойында мейірімділік қасиетін қалыптастыру, өзін және қоршаған ортаны танып, бағалай білуге баулу,рухани жан-дүниесін жетілдіре отырып, кітап оқуға тарту мақсатында «Балалар әлемінің елшілері» атты акция ұйымдастырды. Акцияға қаламыздағы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы, девиантты мінез-құлықты балаларға арналған мекеме және Атамекен отбасы үлгісіндегі балалар ауылының тәрбиеленушілері, Қызылорда қаласының ішкі істер басқармасының жергілікті полиция мекемесінде пробациялық есепте тұрған жасөспірімдер қатысты. Қаладағы №4, №101, №7, №2 мектеп-лицей оқушылары қатысушыларға шат-шадыман көңіл-күй сыйлап, әсем ән мен биден шашу шашты. Ертегілер әлемінен келген кейіпкерлер өз өнерлерін көрсетіп, «Күнді іздеген достар» атты театрландырылған қөрініс қойды. |
Кітапхана тарихы
ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ
« Мамыр 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | ||
6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 |
20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 |
27 | 28 | 29 | 30 | 31 |