2018 жылдың 28 қараша күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Латын әліпбиі – келешектің кілті» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Мақсаты жастарды қазақ әліпбиінің латын графикасына негізделген жаңа үлгісімен таныстыру, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру және келешегін қамтамасыз ету жөнінде ақпарат беру.
Көрмеге өткен ғасырдың 30-40 жылдарындағы қазақ және орыс зиялы қауым өкілдерінің латын әліпбиінде жазылған шығармалар қойылды. Олардың арасында А.Байтұрсыновтың «Әліп-би» кітабы, Дала поэмалары, «Исатай мен Махамбет», «Бекет батыр», «Айман-Шолпан», «Біржан мен Сара» айтысы, М.Әуезовтың «Тас түлек» кітабы, А.Құнанбайұлының, І.Жансүгіровтың, С.Торайғыровтың, Б.Майлиннің кітаптары, М.Әуезовтың «Тас түлек» кітабы, орыс жазушылары мен түрлі ғылым өкілдерінің қазақ тіліне аударылған оқулықтары, мектепке қажет оқу құралдары, анықтамалықтар қойылды. Кітап көрмесіне латын әліпбиі туралы, әліпбидің алғаш шығу тарихы, әлем халықтары арасында таралуы, қазіргі заманда әліпбидің қолданылуы және қажеттілігі туралы библиографиялық шолу жасалынды.
Кітап көрмесіне 50 кітап және баспасөз беттерінен алынған материалдар қойылған.