Оқу эстафетасына шақырамыз!Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Қыз Жібек» лиро-эпостық жырының тұңғыш кітап болып басылып шыққанына 125 жыл толуына орай оқу эстафетасын ұйымдастырып отыр. Оқу эстафетасының мақсаты - кітап оқуды, оның ішінде қазақ халқының эпостық жырларын насихаттау, қазақ халқының рухани асыл мұрасына деген сүйіспеншілікті арттыру, халқымыздың салт-дәстүрін, ұлттық құндылықтарын дәріптеу. Эпостық жыр-дастандар – қағазбен қатталмаған, жылнамасы жоқ тарихымыздың ауызша жеткен сипаттамасы, ұлттық құндылығымыздың ауқымды бір бөлігі. Бүгінгідей ақпарат ғасырында бабалар аманаттап кеткен жәдігердің әр жолы көздің қарашығындай сақтап, бойға сіңіру қажет. Лиро-эпостық жырға деген құрметті арттыру үшін әлеуметтік желіде оқытудың әдіс-амалдарын пайдалана отырып, жырдан бірнеше шумағынан үзінді оқылып, бір-біріне жолдайтын болады.
|
Кітапхана тарихы
ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ
« Мамыр 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | ||
6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 |
20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 |
27 | 28 | 29 | 30 | 31 |