Мәңгілік елдің маңызды қадамы Кітап көрмесі2019 жылдың 16 қаңтар күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Мәңгілік елдің маңызды қадамы» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды. Мақсаты: кітапхана қорындағы латын тіліндегі әдебиеттер мен мерзімді басылымдарды насихаттау. Көрмеге Ахмет Байтұрсынұлының әр жылдары түзетіліп, өңделіп, толықтырылып отырған «Тіл – құрал» атты тіл танытқыш кітаптары, «Әдебиет танытқыш», қазақ тіліне қатысты жарық көрген мақалалары, мұрағаттан табылған құжаттар, пікірлер енгізілген «Ахмет Байтұрсынұлының тілтанымдық мұрасы» кітабы, латын тілінің алфавиті, фонетикасы, дауыссыз дыбыстардың айтылуы, кейбір дифтонгілердің оқылуы, латын тілінің грамматикалық құрылымы туралы жазылған «Анықтамалық сөздік» кітабы, қазақ тілі дыбыстары ортақ түркі әліпбиі негізінде дыбыс жазбаға түсіріліп, өрнек мәтінмен көрнекіленген Ә.Жүнісбектің «Төл әліпби – төл жазу мәселелері», А.Арцеллидің «Латинский язык» кітаптары және 1941-1943 жылғы латын қарпімен жазылған мақалалар жарияланған «Күрішшілер», «Стахановшы», «Қызыл ту», «Ленин жолы» газеттерімен бірге жаңа нұсқадағы латын әліпбиімен жарық көрген журналдар мен мақалалар қойылды. |