Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауындағы агроөнеркәсіп кешені саласы бойынша берілген тапсырмасына сәйкес, «2017-2020 жылдарға арналған Агроөнеркәсіп кешенін дамыту» бағдарламасы қайта қаралып, толықтырылып бекітілді.
Қазіргі таңда Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамыту аграрлық саясаттың аса маңызды бағыты болып отыр. Агроөнеркәсіптік кешеннің негізгі міндеті – елімізді азық – түлікпен, ал өнеркәсіпті ауыл шаруашылығы шикізатымен қамтамасыз ету.
Осыған орай, Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 2019 жылдың 26 қаңтар күні «Агробизнес -2020»: ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа мүмкіндіктері» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Мақсаты: оқырмандарға кітапхана қорынындағы ауыл шаруашылығы, тыңайған жерлер, жайылымдар, кешенді мелиорация, құс шаруашылығы, мал өсіру, суармалы егіншілік, мал азығын дайындау, ветеринария т.б бағыттағы кітаптарды насихаттау.