«Өмірдің мәні – татулық пен алғыста!» (Кітап көрмесі)28 ақпан күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 1 наурыз- Алғыс айту күніне орай «Өмірдің мәні – татулық пен алғыста!» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты: Елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатын насихаттау. Екі бөлімнен құрылған көрмеге 50-ден аса әдебиет пен мерзімді басылымдар бетінде жарияланған мақалалар мен суреттер қойылды. «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» атты бірінші бөлім тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің тарихы жайлы әдебиеттер қойылды. Екінші бөлім «Алғыс айту – игіліктін белгісі». Мұнда жүзі басқа болғаны мен жүрегі бір, тілі басқа болғаны мен тілегі бір, мақсат-мүддесі ортақ, бірлігі мықты, Қазақстанның өркендеуіне өз үлестерін қоса білген 130 дан астам ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастары жайлы және Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге бағытталған « Мәңгілік ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының құндылықтарын бағыттайтын кітаптар ұсынылды. Ортақ үйімізде татулық пен келісім болсын! |