KITAPKHANA.KZ
kz ru

«Қылмыс түрі - терроризм» / құқық алаңы

     2019 жылдың 6 наурыз күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында  оқырмандарға бейбітшіліктің маңызын және мейірімділік пен ізгіліктің, адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екенін ұғындыру мақсатында «Қылмыс түрі  - терроризм» атты құқық алаңы өткізілді.

     Іс – шараға Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының дін істері мәселелерін зерттеу орталығының теологы Бақтияр Оспанов қатысып, экстремизм мен терроризмнің таралу себептері, оған қарсы әрекет түрлері жөнінде айта отырып, алдын алу шараларын кеңінен түсіндірді.

      «Өркениет» медициналық колледжінің студенттері қатысып, сұрақтарына жауап алды. Шара соңында «Діни экстремизм - опат болудың жолы!» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.

 
06 наурыз 2019 ж. 18:23
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз:
x