25-30 наурыз күндері аралығында Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада өткізілуде.Қызылорда облысының білім басқармасының ұйымдастыруымен 25-30 наурыз күндері аралығында Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада өткізілуде. Олимпиада қатысушыларының уақытын тиімді пайдалану мақсатында еліміздің өңірлерінен келген 200-ден астам дарынды оқушылар Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапханада болды. Оқушылар кітапхана бөлімдерін, «Воок кафе», «Шаңырақ» интеллект-орталығын, жазушы Қ.Мұхамеджановтың жеке кітапханасын, коворкинг орталығын аралады. Кітапхана жанындағы IT-парк жұмысымен танысты.
|