«Кітап білім әлеміне саяхат» (Танымдық ойын-викторина)Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 4 сәуір күні оқырмандарды кітапханаға тарту, білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру, кітапқа деген қызығушылығын арттыру , мақсатында «Кітап білім әлеміне саяхат» атты танымдық ойын-викторина өткізілді. Шараға №140 Абылайхан атындағы, №187 М. Шоқай атындағы орта мектеп оқушылары қатысты. «Кім көп біледі», «Тапқыр болсаң тауып көр», «Білгенге маржан», «Кім тапқыр», айналымдарынан өткен қатысушылар өз білімдерінің жан- жақтылығын, ойлау қабілеттерін жеткізіп, дүниетанымын кеңейтетін, ақыл-ойын дамытып, шығармашылық қабілетін шыңдайтын кітаптармен танысты. |
Гости13
Роботы14
Список пользователей
bolgupittay517
Был(a) в сети 54 минуты назад
eralyecim
Был(a) в сети 1 час назад
Кітапхана тарихы
Кітапхана алғаш рет 1867 жылы Перовск қаласында (қазіргі Қызылорда) Ақмешіт уезінің әскери бекінісінің халқы үшін ашылды. Кітапхана Ресейдің қалаларынан революциялық қозғалысқа қатысқаны үшін патша үкіметінен жер аударылған озық прогрессивті ойлы адамдармен ұйымдастырылды. Кітапхана...
Толығырақ