Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері сырт келбеті ғана емес, сондай-ақ әлеуметтік-экономиканы басқару тәртібі де өзгеріп келеді. Болып жатқан өзгерістер әрине жақсы, бірақ сол өзгерістермен қатар мемлекетіміз «сыбайлас жемқорлық» деген тамырласқан індетпен күресуге тура келеді. Өкініштісі сол, сыбайлас жемқорлық мемлекетімізбен жарыса өсіп, ел экономикасының қарқынды дамуына үлкен кедергі келтіріп отыр. Сондықтан оны болдырмау, оның алдын алу мақсатында елімізде көптеген іс-шаралар жоспарланып, жүзеге асырылуда.
Осы орайда, Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 15 мамырда «Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Шараға М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің оқытушысы Ш. Керейбаева қатысып, бүгінгі күні өзекті болып отырған тақырып аясында өз ойын ортаға салды. Оқырмандар да көкейде жүрген сұрақтарына тұшымды жауаптарын алды.