2019 жылдың 13-14 маусым күндері Ә. Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасы мамандарымен бірлесіп «Бизнес-Кеңесші» жобасы аясында азаматтардың жеке бизнесін ашуға және жұмысын оңтайландыруға көмек көрсететін қысқа мерзімді кәсіпкерлерге арналған оқыту курсын өткізді. Мақсаты – тренинг-семинарлар арқылы кәсіпкерлердің кәсіби біліктілігін көтеру болып табылады. Оқу барысында қазіргі таңда қандай кәсіппен айналысуға болады? Бизнес-жоспардың дұрыс құрастырудың жолдары қандай? Қандай салада бәсеке аз және сұраныс көп? Сондай-ақ табысты арттырудың жолдары және әлеуметтік желілерде жарнама жасаудың тәсілдері жөнінде кең көлемде мәліметтер берілді.