KITAPKHANA.KZ
kz ru

«Сыр елінің әдеби жәдігерлері»

       Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында  2019 жылдың 10 шілде күні  «Сыр елінің әдеби жәдігерлері»  атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

 Көрменің мақсаты Сыр өңірі тарихы мен мәдениетін, қазыналы сан ғасырлық жәдігерлері мен мұраларын оқырман қауымға таныстыру. Сыр бойының  жұмбақ сырлы қорғандары, төбе - обалары бар қордалы өлке. Кез-келген жаңалық өткеннің өзегінде дамып, келешек ұрпаққа жалғасын табары заңдылық. Ғасырлар сынынан өтіп, уақыт пен болмыс қалыптастырған ұлттық дәстүріміз, бабалар маңдай тері, аталар қол еңбегі, аналарымыздың көз майы сіңген төлтума дүниелер, көненің көзі, көз жауын алып, көңіл толқытатын жәдігерлер киелі өлкеміздің мәдениет пен руханияттары кітаптар  арқылы ұрпақтан ұрпаққа жетіп отыр. Көрмеге  Қорқыт ата кітабы, Сыр өңіріндегі көне тарихи жәдігерлер, Сыр ескерткіштері, тарихи қорымдар туралы әдебиеттер қойылды. Сыр елінің әдеби ортасын құруға үлес қосқан ақын-жазушылардың шығармалары, фото-суреттер, қолжазбалар орын алды.Көрмеге 100 ден  аса  әдебиеттер  мен  журналдар  қойылып, оқырмандарға  библиографиялық шолу жасалынды.



 
11 шілде 2019 ж. 19:03
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз:
x