«Даналықтың бәрі кітапта» атты ашық есік күніБілім күні қарсаңында Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 2019 жылдың 2 қыркүйегі күні «Даналықтың бәрі кітапта» атты ашық есік күні ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты – кітап мұрасын насихаттау, оқырмандарды кітапхана қорымен таныстыру, кітап оқу мәдениетіне тарту. Шараға қаламыздағы жоғары оқу орындары мен арнайы оқу орындарының 1 курс студенттері мен мектеп оқушылары, оқытушылар мен мұғалімдер, кітапхана оқырмандары, БАҚ өкілдері қатысты. Ашық есік күніне қатысушылар кітапхана қызметімен, оқырмандарға қызмет көрсету бөлімдерімен, кітап қорының ерекшелігімен, кітапхана жобаларымен, сондай-ақ «Кітап – ғасыр мұрасы», «100 жаңа оқулық» - қазақ ғылымының жаңа белесі», «Кітап – тарих, кітап – қазына» тақырыбында сирек кітаптар мен қолжазбалар көрмелерімен танысып, «Абай мұрасы» библио-party, «Білім – ырыс қазығы» атты викториналық ойынға қатысты. |