Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 2019 жылдың 5 қыркүйек күні оқырмандардың тіл байлығын, интеллектуалды және шығармашылық қабілеттерін дамыту арқылы елін, жерін сүйген әрбір азаматтың көкірегінде ана тіліне деген сүйіспеншілігінің мақтаныш сезімін қалыптастыру мақсатында «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты ток-шоу ұйымдастырды.
Әлемдегі алдыңғы қатарлы елдердің санатына енуді көздеген халықтың басты мақсаты да сауатты ұрпақ тәрбиелеу. Сауатты ұрпақ тәрбиелеу дегеніміз, өз ана тілінде еркін сөйлей алатын, оны терең меңгерген ұрпақ.
Ток-шоуға Абылайхан мен Кызылорда гуманитарлық-экономикалық колледжінің студенттерінен құралған екі топ қатысты.
Шараға қатысушылар өздерінің білімділігін, қызығушылығын, ана тілге деген сүйіспеншілігін тіл туралы өлеңдер оқу арқылы көрсетті және көптеген сұрақтарға жауап алды.